«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ер-азаматтарға қарата: «Сендердің ең жақсыларың – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың» деген. Ал, «Қандай әйел ең жақсы?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын, ол оған бір нәрсе бұйырғанда, мойынсұнатын, өзіне және өзінің мал-мүлкіне қатысты бір нәрсе ұнамай тұрса да күйеуіне қарсы келмейтін әйел» деп жауап берген.
Өзі жақсы болған және баласына жақсы тәрбие берген ер мен әйелдің отбасына береке орнайды. Мұның ең алғашқы шарты – ерлі-зайыптылардың бірін-бірі сыйлауы, өзара кешірімді, мейірімді болуынан әрі сыйластықтан басталады» деді ҚМДБ Төрағасы.
Айта кетейік, конференция қатысқан зиялы қауым өкілдері отбасы құндылығына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.