Баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолында жүрген алматылық іздестірілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрді. Полиция тәртіп бұзушыны іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адамдардың назарын өзіне аударқан видео әлеуметтік желіде пайда болды.


« Баласымен бірге ойыншық машинамен жүрген адамды кім таниды. Тәртіп бұзушыны білетіндер жазба қалдырыңыздар» - деп жазды желі қолданушылар.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қазір ойыншық машинамен жүрген адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.