Баласымен бірге жоғалып кеткен Қарағанды облысының тұрғын әйелі Көкшетаудан табылды
«Сарань қаласы ІІБ криминалдық полициясы бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 10 тамызда жоғалып кеткен Ләззат Мұстафинаны және оның кәмелетке толмаған ұлы Мүсілім Мұғазовты тауып, үйіне қайтарды. Бұл әйел баласын алып, Көкшетауға кетіп, сонда автомашина жуушы болып жұмыс жасаған», - делінген хабарламада.
Оны іздеуге біраз күш-жігер жұмсалды. «Іздеуге Қазақстанның барлық полицейлері ғана емес, ТМД елдерінен де тартылды. Сонымен бірге, ТМД елдерінен «Поиск» тобының еріктілері де жәрдемдесті. Ақпарат әлеуметтік желілерде таратылды және оның белгілерімен мыңдаған пайдаланушылар бөлісті. Сонымен қатар полицейлер түсіндірмелерінде пайдалы деген ақпарат берген адамдардан да жауап алды», - деп атап өтті ІІД баспасөз қызметі.
Жоғалған әйел мен бала туралы барлық дағдарыстық және оңалту орталықтары да хабардар етілді.
«Нәтижесінде қашқын әйел табылды. Бұл оның үйінен кетіп қалған бірінші жағдайы емес, бұдан бұрын да ол Алматыға кетіп қалған. Полицейлер оның бұл жолы үйінен кетуіне не себепші болғанын анықтауда», - деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сарань қаласының ішкі істер бөлімі үш жасар ұлымен үйінен шығып кеткен 31 жастағы хабар-ошарсыз кеткен әйелге іздеу жариялаған болатын. Бұл туралы полицияға туыстары өтініш берген.