Бала жеті сағат бойы көлікте жалғыз болған. Бірнеше уақыттан кейін бүлдіршін ағзасының қызғанынан көз жұмды.
Росс Харриске 22 айлық ұлын қасақана өлтірді деген айып тағылуда. Алайда Харристің қорғаушысы мұны қайғылы жағдайға балауда. Адвокаттың айтуынша, Харрис баланың көлікте екенін ұмытып кеткен. Ол баланы бөбекжайға апаруы тиіс болатын, алайда ол ұлының артқы орындықта отырғанын есінен шығарып, жұмысына кеткен.