Балбырауын, Адай, Сарыарқа: Екі миллионға жуық оқушы бір мезетте күй тартты

Фото: Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Челлендж қатысушыларына арнаған сөзінде ведомство басшысы соңғы уақытта елімізде домбырада ойнағысы келетіндердің саны едәуір артқанын атап өтті.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

«Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз халқымыздың жанын, оның дәстүрі мен мәдениетін бейнелейді. Ұлттың рухын көтеріп, даңқын асқақтатқан домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күйлер мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін», — деді Ғани Бейсембаев.

Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. 

Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. 

Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ең кішкентайы — Абай облысы, Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Естеріңізге сала кетейік, домбырашылар челленджі — әз Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын кең ауқымды республикалық акция. 

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ол былтыр алғаш рет министрліктің бастамасымен өткізілген болатын. Тек соңғы бір жылдың өзінде елімізде домбыра үйірмелерінің саны 5 есе артты.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бүгінгі таңда барлығы 2 мың үйірме жұмыс істейді. Оған 100 мыңнан астам жас домбырашы қатысады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі