Аталған іс-шарада 5-10 және 11-14 жас санатында «Вокал», «Хореография» аталымдары бойынша 20 би тобы, 25 жас орындаушы бақ сынады. Жалпы, байқауға 300-ге жуық бала қатысқан.
«Балбөбек-2013» балалар байқауында «Вокал» аталымы бойынша ересектер тобында астаналық Айымжан Кабсалямова бас жүлде иегері атанды. Ал кіші топта Шымкенттен келген Владислав Пампуровтың бағы жанды. «Хореография» аталымында елордалық қатысушылардың жолы болды. Ересектер тобында «Тұмар» халық би ансамблі, кіші топта «Жемчужинки» ансамблі бас жүлдені қанжығаларына байлады.