Оған қатысушылардың көбі атап өткендей, екінші турдың тапсырмалары біріншісіне қарағанда күрделірек болды. Енді құрамына әлемге танымал ғалым-математиктер кірген қазылар алқасы екі күн ішінде қатысушылардың жұмыстарын тексереді.
«Олимпиаданың қорытынды нәтижелері шілденің 13-і күні салтанатты жабылу кезінде жария етіледі», - деді журналистерге емтихан қабылдаушылардың бірі, ГФР ғалымы Дирк Шляйхер.