«Балдәурен» орталығында жазғы демалыс педагогикасына арналған конференция өтеді
11:38, 29 Сәуір 2011
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 30 сәуір мен 2 мамырдың аралығында «Жазғы демалыс педагогика: тәжірибелер,
дәстүрлер, инновациялар» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.
Конференция Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Еліміздің түкпір-түкпіріне жиналатын педагогтар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін талқылайды, тәжірибе алмасады және жазғы демалыс педагогикасын әрі қарай дамытуға қатысты өз ойларымен бөліседі.