Арт-олимпиадаға отбасылық фольклорлық ұжымдар мен түрлі жастағы нақты орындаушылар қатысты. Олар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, ал «Театр өнері» номинациясында ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір-бір нөмірден ұсынды.
«Арт-олимпиаданың ұйымдастырушысы Кремль сарайы сахнасындағы гастроль аясында менің Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі өнер көрсетуімді көріп, байқауға қатысуға ұсыныс білдірді. Байқауға арналған нөмір А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-дені дайындадым. Еңбегімнің халықаралық деңгейде бағаланғанына қуандым, мұндай құрмет әрбір әртісті шабыттандырады», - деді Қуат Кәрібаев.