Балға лақтырудан Олимпиада чемпионы Татьяна Белобородова барлық жарыстардан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балға лақтырудан Олимпиада чемпионы Татьяна Белобородова барлық жарыстардан шеттетілді, деп хабарлады РИА Новости.

Тиісті шешім 2005 жылғы әлем чемпионатында спортшыдан алынған допинг-сынама нәтижесі дайын болған соң қабылданды, деп түсіндірді агенттік.

Соңғы кездері допинг пайдаланған бірнеше ресейлік спортшылар әшкере болды. Көпшілігінің қанынан мельдоний табылды. Бұл  препарат 2016 жылдың 1 қаңтарынан тыйым салынған заттар тізіміне кіргізілген болатын. 

Фото:Валерий Шарифулин