Балға ұстаған жеке сот орындаушысының әрекеті заңсыз болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы жеке сот орындаушы Жылқыбаевтың видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2016 жылдың қазақ айында желі қолданушысы өз пікір жазылған видео жариялады: «Астаналық сот орындаушының бассыздығы. Сот орындаушы Руслан Жылқыбаев екінші топ мүгедегі, мен кіші баламмен және екінші топ мүгедегі, марқұм күйеуімнің інісімен тұрып жатқан әпкемнің үйінің есігін 20 минуттан бері зілбалғамен соғып жатыр».

«Аталған факті бойынша Жылқыбаевтың шешімі заңсыз деп табылған сот шешімі бар», - делінген республикалық палатаның хабарламасында.

Сонымен бірге, палата басқармасы Жылқыбаевтың әрекетін қисынсыз дөрекі, қатал және негізсіз және қоғамның барлық институтқа деген сеніміне селкеу түсірді деп есептейді.

Одан бөлек, Жылқыбаевтың қызметінде бірнеше рет Республикалық палата Жарғысының, жеке сот орындаушылардың кәсіби Ар-ұждан кодексінің, ҚР заңнамасының нормалары бұзылған.

Палата басқармасының шешімімен 11 сәуірден бастап ол Республикалық жеке сот орындаушылар палатасынан шығарылды.