Балқаш әкімі жылу жүйесіндегі ақауға шенеуніктердің жауап беретіндігін ескертті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Балқаш әкімі Александр Аглиулин қала активінде шенеуніктерді жылу маусымын ойдағыдай өткізуге шақырып, жүйедегі кішігірім ақау үшін де қатаң жауапқа тартатынын айтып ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мектептер, аруханалар, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарына штаттық режимде жылу беріліп жатыр. Штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және атомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әнуар Самиевтің айтуынша, қаладағы үйлердің бәрі жылы.

Мереке күндері кезекшілік жүйелі түрде жүргізілді. Сондай-ақ Балқашқа жақын маңдағы елді мекендерге де қажетті мөлшерде жылу беріліп жатыр.