Балқаш инспекторлары Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарды
ҚР АШМ Орманшаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазғандай, Балқаш қаласының тұрғыны жаралы қыранды тауыпалғанын айтып, полиция бөліміне келген. Әйел Ақтоғай ауданының Қоңырат кентінежақын маңнан жабайы құсты өздігінен ұша алмай қиналған жерінен тапқан көрінеді.
«2019 жылдың8 тамызында инспекторлар қыранды Балқаштан Қарағандыға жеткізіп, емдеу үшінҚарағанды қалалық зоологиялық баққа жіберді. Тексеру барысында жабайы құстыңҚызыл кітапқа енген қыран екені анықталды. Құстың бұл түрі Қазақстанныңоңтүстігінде мекен етеді. Саны көп емес. Тіпті азайып бара жатқан құстардыңқатарында», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
Қыранның бұлтүрі өзінің балапандарын жыланмен қоректендіретін көрінеді. Толық ем алғаннанкейін көк тағысы еркіндікке ұшырылады.