«Әлемдік дағдарыс сияқты күрделі жағдай елімізді айналып өтпегені баршаға аян. Дегенмен, оның Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын шайқайтындай үлкен ықпалы бола қойған жоқ. Жарты жылдықтың қортындысына қарағанда маңызды көрсеткіштеріміз бұрынғы қалыпта жылдан жылға өсіп, өз екпінін жоғалтпай келе жатыр. Өндірістің жалпы физикалық индексі 109 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайыздық пунктке жоғары. Маңызды өнім түрлерінің көлемінде мыс катоды -13,3 пайызға, кесекті алтын - 15,1 пайызға, түйіршік күміс - 9,8 пайызға, кэмальсым 51,6 пайызға, сүт өнімдері 23,3 пайызға асыра орындалды», дейді Қайрат Әміржанұлы. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, алғашқы жартыжылдықта Балқаштағы 58 өнеркәсіп орыны 79 миллиард 399 миллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 25,4 пайызға төмен. Оған әлемдік нарықта түсті металл өнімдеріне деген сұраныс пен оның бағасының төмендеуі себеп болып отыр.
11:24, 22 Шілде 2009
Балқаш қаласында алғашқы жартыжылдықта өнеркәсіп орындары 79, 3 миллиард теңгенің өнімін өндірді - қала әкімінің орынбасары
АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Балқаш қаласында алғашқы жартыжылдықта өнеркәсіп орындары 79,3 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Оны ҚазАқпарат тілшсіне қала әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Ибраев хабарлады.