Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді деп хабарлады.
Қабырғаның құлауы салдарынан кірпіш сынықтарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасындағы 4 адам жарақат алды. Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды.
Төрт ер адам – авто жөндеу шеберханасының қызметкерлері, дәрігерлер тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.