Балқаш қаласында оқ жарақатымен екі адам ауруханаға түсті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласында екі ер адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полициядепартаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28 шілде күні Балқаш ауруханасынатүрлі жарақаттармен қаланың 29 және 28 жастағы екі тұрғыны жеткізілген.

«Балқаш қаласыныңорталық ауруханасына бетіне терең тимеген оқ жарақатымен 1991 жылы туған ерадам түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаторлық ем қабылдауүшін үйіне қайтарылды. Екінші адамның (1990 жылы туған) жақ сүйегі сынған.Қазір ол одан әрі ем алу үшін Мақажанов атындағы медициналық орталыққаауыстырылуда», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасыныңбаспасөз қызметінен.

Аталған дерекБалқаш қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Іздестіру іс-шаралары барысындакриминалдық полиция қызметкерлері 28, 29 және 34 жастағы үш адамды анықтады.

«Алдын аламәліметтерге сәйкес, 28 жастағы ер адам жәбірленушілерге травматикалық қарудан оқатқан. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы3-бөлігімен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Қарағандыоблыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар