Балқаш қаласында сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар саны ұлғайып келеді

АЛМАТЫ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі таңда Балқаш қаласындағы 42 өндірістік кәсіпорынның 34-інде сапа менеджменті жүйесі енгізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         «Қарағанды облысының Балқаш қаласында өнеркәсіптің әртүрлі буындарында  58 заңды тұлға тіркелген. Олардың 42-сі өндірістік кәсіпорындар. Оның төртеуі ірі, алтауы орта, 32-сі шағын бизнес субьектілері. Сапа менеджменті жүйесін енгізген 34 өндірістік кәсіпорынның екеуі оған биыл алғашқы жартыжылдықта қол жеткізді. Жалпы осы жылы біз барлығы 3 кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесін енгізуді жоспарлаған едік. Жыл соңына дейін жоспар асыра орындалуы мүмкін», дейді қала әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Ибраев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда онда тағы 4 кәсіпорын сапа  менеджменті жүйесін енгізу үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.