11 қыркүйекте Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 42 жастағы қала тұрғыны жүгінді.
Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның дүкенінің жанына тұраққа қойған көлігін ұрлап кеткен. Шығын сомасы - 4 млн 500 мың теңге.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері 53 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге берілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы «Автомобильді ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.