«Балқаш-Қарағанды» тас жолында 4 көлік соқтығысып, 3 адам опат болды
13:52, 03 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тамыз күні кешке «Балқаш-Қарағанды» тас жолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.
«Мерседес бенц» автокөлігі «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға барысында соңғысы «Лада Гранта» және «Опель авенсис» көлігін соққан. Апат салдарынан «Мерседес бенц» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Жол көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.