Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.
Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Осыған дейін Алматы маңындағы «Барыс» автобазары мемлекетке толық қайтарылуы мүмкін екені туралы жаздық.