Балқаш көлін сақтап қалу Қазақстан үшін маңызды мақсат болуы керек - М.Елеусізов

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Балқаш көлін сақтау Қазақстан үшін маңызды мақсат болуы керек, өйткені Арал трагедиясын қайталау еліміздің ең халық көп шоғырланған аумағына үлкен апат әкеледі.

Бұл туралы бүгін Алматыда 11-ші Іле-Балқаш және 6-шы Халықаралық желкенді регатасын өткізуге арналған баспасөз мәслихаты барысында «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Іле-Балқаш және халықаралық желкенді регата 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын Алматы қаласы мен облысының тұрғындары сәуірдің 30 күні Іле өзенінің жағасындағы «Таңбалы тас» сайында жиналып, Іле-Балқашты сақтап қалуға арналған шара өткізеді. Түрлі сайыстар, шоу-бағдарламадан құралған шараға биыл Ресей, Қазақстан, Украинадан 24 команда қатыспақ. М.Елеусізовтың айтуынша, шара 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Табиғат жанашыры биылғы шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналатындығын айтады. «Регата жыл өткен сайын су экотуризмін дамытуға арналған күшті туристік слетке айналып келеді. Регата еліміздегі туристік маусым ресми түрде ашылатынының хабаршысы іспетті», -деді М.Елеусізов.