«4 шілдеде Балқаш көліне 2005 жылғы жасөспірім батып кетті. Құтқарушылар оның денесін Балқаш қаласының төңірегінен шомылуға арналмаған орыннан тапты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.
Қарағанды облыстық ТЖД рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екендігін еске салды. Шомылуға тыйым салынған жерлерде қайғылы оқиғалар жиі болады.