Сонымен қатар, 1 мамырдан 1 маусымға дейін аймақтағы су қоймаларында тұқы мен сазан аулауға болмайды.
Мұнымен қоса, 15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға болмайды. Тыйым 1 маусымға дейін күшінде болады. Бір жарым айдың ішінде көл арқылы уылдырық шашатын балықтар өтеді. Осы уақыттың ішінде белсенділер көлді балық аулайтын торлардан тазартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты .