Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
22 маусым күні Қарағанды облысы Шашубай кентінің маңында «Балқаш» көлінің «Сарышаған» айлағы ауданында жағалаудан 600 метр жерде үстінде 5 адамы бар қайық аударылды. Олардың 4-еуі жағалауға жүзіп жетсе, 1975 жылғы әйел суға батып кетті.
23 маусым күні оның денесі судан ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 6 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.