Балқаш көлінде мұзбен бірге ағып кеткен балықшылар табылды, олардың біреуі мертіккен
17:49, 23 Желтоқсан 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бөлінген мұз үстінде кеше ағып кеткен бес балықшыны Балқаш көлінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды,
деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша төрт балықшы құтқарылған, ал олардың бірі - 45 жастағы ер адам суыққа қатып, опат болған.