Балқаш көлінде тағы бір балықшы қаза тапты - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде «УАЗ» автокөлігімен бірге 5 балықшы мұз астына түсіп кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Суға батқан балықшылардың 4-еуі судан өзбеттерінше шықса, 46 жастағы азаматтың денесін Төтенше жағдайлар министрлігінің судан-құтқару қызметінің адамдары алып шықты.

Соңғы екі апта ішінде Балқаш көлінде қаза тапқандардың саны 10 адамға жетті.