«20 қараша күні екі адамның өлі денесі Балқаш көлінен табылды. Ерлі-зайыптылар 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай елді мекені арқылы Балқаш көліне балық аулауға кеткен болатын. Олардың хабар-ошарсыз жоғалғандығы туралы құтқару қызметіне 11 қараша күні қызы хабарлады», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың жоғалғандығы жөнінде бұған дейін хабарлаған болатынбыз.