Балқаш көліне балықшы көлігімен бірге батып кетті - ТЖМ

None
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қараой кентінде Балқаш көліне балықшы жекеменшік автокөлігімен бірге батып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, «Нива» автокөлігін мінген 32 жастағы азамат үстіміздегі қаңтар айының 8-і күні суға кеткен.

ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның суда-құтқару қызметі оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде.