«Алматы-Екатеринбург тас жолында кетіп бара жатқан «DAF FT FX» маркалы көлікті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы аясында тоқтатты. Көлікті тексерген құқық қорғау өкілдері Балқаш көлінен заңсыз балық аулау фактісін ашты. Көлікке жалпы 12 000 келі балық (көксерке, беріш) тиелгенгендігі анықталды», - деді облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.