Балқаш көлінде шомылған әйел жағалауға жете алмай қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағысқа қарсы жүзе алмай, жағалауға жете алмай қалған.  Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

— Әйелді ағыс алып кеткен. Құтқару шеңберіне жетуге тырысқан, алайда ағысқа қарсы жүзуге шамасы жетпей, қалып қойған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Оған медициналық тексеру мен қажетті көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді. 

Бұған дейін хабарланғандай, Батыс Қазақстанда суға батып кеткендер саны 20-ға жетті.

Ал Алматы облысында жыл басынан бері 9 адам суға батып кеткен.

Атырау облысында болса бір ауылдың 2 жасөспірімі Жайыққа батып кетті.

Қайғылы оқиғаға жол бермеу мақсатында Қапшағай жағажайларына бейнебақылау камералары орнатылды.