1981 жылы туған ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шығып, белгіленген уақытта жағалауға оралмаған. Осыған байланысты 112 қызметіне хабар түскен.
Хабарлама түскен бойда ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.
– Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары ер адамды көл акваториясынан, жағалаудан 24 шақырым қашықтықта тапты. Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам өздігінен жағаға жете алмаған. Ер адам зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес, – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін 18 қазанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, Мыңарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыны эвакуациялаған еді. Олардың да қайық қозғалтқышы істен шығып, жағалаудан шамамен 15 шақырым жерде қалып қойған.