Естеріңізге сала кетейік, кеше Балқаш қаласының маңындағы Гүлшат кентінің маңында рейстік автобус аударылған болатын. Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болған.
«Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті зардап шеккен 6 адамды ауруханаға жеткізді.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы ардап шеккендердің жағдайын айтты.
«13 желтоқсанда жол апатынан 8 адам зардап шекті. Бір адам бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, екеуі тексеруден бас тартты, бесеуі түрлі жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы - ҚР азаматтары» делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.