13 желтоқсан күні сағат 12.45-те Ақтоғай ауданында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде «Мерседес» рейстік автобусы аударылып кетті.
«Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болды. Қарағанды облысы ТЖД «Балқаш« трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 техникасы зардап шекен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.