Мәселен 15 маусымдағы көрсеткіш бойынша өндіріс орны жаздың алғашқы айының жартысында 8128 тонна катодты мыс, 46 392 тонна күкірт қышқылын, 401,4 тонна тозаңдағы қорғасын, 31387 тонна балқытылған шихта өндірді. Жоспар катодты мыста -106, күкірт қышқылында - 1142, тозаңдағы қорғасында - 43,4, балқытылған шихтада - 55 тоннаға артық өндірілді. Тек тазаланбаған мыс жоспарланған 8910 тоннаның орнына 95 тоннаға кеміді. Ал күндік жоспар 100 тоннаға азайып, 650-ден 550-ге дейін төмендеп кеткен. Өзге өнімдерде бұл көрсеткіш катодты мыста 590-нан 613-ке, күкірт қышқылында 3300-ден 3435-ке, тозаңдағы қорғасында 26-дан 33,3-ке, балқытылған шихтада 2238-ден 2541-ге өсіп отыр.
21:32, 16 Маусым 2012
Балқаш мыс балқыту зауытында маусым айында тәулігіне 550 тонна тазаланбаған мыс өндірілуде
АЛМАТЫ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Балқаш мыс балқыту зауыты катодты мыс, күкірт қышқылы, тозаңдағы қорғасын мен балқытылған шихтадан жоспарды асыра орындауда.