Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жыл бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге учаскені игеру туралы нұсқама берілді.
Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖРБД талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бұдан бұрын Шымкентте 341 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жаздық.