3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеп тұр.
Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі.