«Балқаш жолбарысы» Америкадағы өмірі туралы айтып берді
10:30, 07 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Қазақстанның бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы, кәсіби бокстағы алғашқы қазақстандық чемпион Василий Жиров Америкадағы өмірі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"АҚШ-тағы қазақстандықтар" жобасы аясында түсірілген деректі роликте "Балқаш жолбарысы" өз өмірі мен спорт жолындағы қиындықтары жайында әңгімелейді. Бүгінде ол АҚШ-та өзінің жаттығу залын ашып, жас боксшыларды дайындап жүр. Өз сұxбатында Василий туған жерге не үшін көшпей жатқанын да айтып берді. Роликтің авторы - режиссер Қанат Бейсекеев.