Балқашта 1,2 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуы тоқтатылды

Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Балқаш қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды.

2025 жылдың басынан бері прокуратураның араласуымен жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын алты мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылған.

- Анықталған заңбұзушылықтарға сметалық құнның асыра көрсетілуі, конкурс құжаттамасына экономикалық негізсіз жұмыс көлемдерін енгізу және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келуі мүмкін басқа да бұзушылықтар себеп болған, - деп жазды бақылаушы органнан.

Үнемделген қаражат қаланың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатын болады.

Айта кетейік, Қазақмыс Балқаш көлін сақтауға 5 млн доллар бөлмекші.