Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушыға қатысты қамау мерзімі екі айға ұзартылды

Фото: pexels.com

БАЛҚАШ. KAZINFORM — Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды.

Балқашта орын алған бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары дереу тиісті шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта тергеу ісі Қарағанды облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот шешімімен оған екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты толық тергеу жалғасуда, күдіктінің жауапкершілігі мен қылмыстық іс қозғалуына байланысты барлық қажетті процессуалдық шаралар қабылданып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 жастағы балаға қатысты бұл зорлық-зомбылық жағдайы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды. 


https://www.threads.com/ Баланың анасы ұлын ұрғанын ашық түрде жариялап, қоғам назарын осы оқиғаға аударды. Бұл жағдай Балқаш тұрғындарының арасында үлкен резонанс тудырған еді.