Еске салсақ, Балқашта кеше, 9 желтоқсанда диаметрі 420 және 630 мм құбырлардың жарылуына байланысты жылу параметрлері төмендеді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына 25 адамнан құралған жеке құрам және 10 бірлік техникадан тұратын коммуналдық кәсіпорындар бригадалары жұмылдырылған.әкімдікіі Құбырдың жарылуын жою жұмыстары 9 желтоқсанда сағат 14.00-де басталып, 10 желтоқсанда таңғы 5.00-де аяқталды.
«Көппәтерлі тұрғын үйлердің ішкі желілерінің қатып қалуын болдырмау үшін 12 үйде су ағызылып, 33 тұрғын үйде су тіреуі қойылды. Жылумен жабдықтауды қалпына келтіргеннен кейін 28 үй бойынша жылумен жабдықтауды іске қосу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық үйге жылу қосылған және олардың бәрінде жылу айналымы қалыпты. Магистральдық және орамішілік желілер бойынша жылумен жабдықтау тұрақты түрде қамтамасыз етілуде. Құбырлардағы шығарылымдағы жылу 90 градусты, қайтарымдағы жылу 64 градусты құрайды. Жедел штаб құрылды, ПИК бригадалары тұрғындардың өтінімдері бойынша ішкі құбырлар бойынша жұмыс істеуде», - деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.