деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының қолдауымен «Атамекен» корпорациясы және «Тұлпар» туристік базасы ұйымдастырып отыр. «Дәстүрлі бұл фестиваль көл жағасындағы «Балқашты сақтайық» деп аталатын экологиялық акциямен басталып, кешке ресми ашылу салтанаты өтеді. Оған еліміздегі барлық мото-клубтардың президенттері қатысады. Бұл шара «Жастар мен байкерлер нашақорлық пен соғыссыз өмір үшін!» атты рок -концертке ұласады деп жоспарланып отыр. Аталмыш рок-концертке еліміздің әр өңірлерінен келген танымал рок-топтар қатысады», дейді фестивальді ұйымдастырушылардың PR-директоры Анар Аққозы. Оның айтуынша, бұл алқалы жиынға Англия, Германия, Голландия, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Ресей сияқты алыс та жақын шет елдерден қонақтар келмек.