Балқашта демалушының ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Балқаш қаласының демалыс орындарының бірінде демалып жатқан теміртаулық ақшасының ұрланғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметініңмәліметінше, 22 шілде күні Теміртаудың 37 жасар тұрғыны Балқаш қаласыныңдемалыс орындарының бірінде демалып жатқанда қонақ үй нөмірінен ақшасының жоғалтқан.

Полицияқызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, 29 жастағы ер адамды ізінсуытпай қолға түсірді. Ол бұған дейін деұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Күдікті істеген ісін мойындап,демалушының бейқамдығын пайдаланып, есігі ашық нөмірдегі әмиянынан 300 доллар (115500 теңге) ұрлағанын мойындаған.

Ұрлыққа қатысты ҚРҚК-нің 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қарағанды облысыныңПолиция департаменті демалып жатқан адамдарға сақ болуға кеңес береді. Тәртіпсақшылары жеке заттарға ие болып, нөмір мен көлік есігін ашық қалдырмауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар