«26 жастағы азамат мотоцикліне мініп, балық аулау үшін Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына Корс, Томар аралдарына бағыт алған. Ол сол бойы қайта оралмады. Құтқару-іздестіру жұмыстары 28-29 наурыз күндері жүргізілді. Іздестірілген аймақ 159 шаршы метрді құрады»,-делінген хабарламада.
Осылайша, 29 наурыз күні сағат 11-30-дар шамасында жоғалған балықшы табылып, ол Балқаш қаласына жеткізілді.
Балықшының айтуынша, оның мотоциклі суға түсіп кетіп, өзі жақын маңайдағы баспаналардың біріне жаяу жеткен. Ер азамат медициналық көмекті қажет етпеді.