АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқашта қала күніне орай қазақ күресінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған еліміздің аймақтарынан ең мықты деген түйе балуандар келеді.
Аса ауыр салмақтағы сынға түсетін балуандар арасынан шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржы, сондай-ақ бағалы сыйлықтарға ие болмақ.
Жарысқа қалалық бюджеттен 1 млн астам қаржы бөлу қарастырылған.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.