деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Қыркүйектің 24-і мен қазанның 3-і аралығында Алматы облысы Қаратал ауданының Қызылбалық ауылдық округының 4 жоғалып кеткен тұрғыны іздестірілу үстінде. Куәгерлердің айтуынша, олар қыркүйектің 24-інде моторлы қайыққа мініп, Балқаш өзені арқылы Қарақұм ауылынан Көпбірлік ауылына қарай жол жүріп кеткен. Осыдан кейін оларды ешкім көрмеген», - делінген ТЖД таратқан мәліметте.