Балқашта осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен балықшылардың денелері табылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен екі балықшының денелері табылды, Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жергілікті тұрғындар Балқаш көлінде, Приозер қаласының тұсында жағалаудан 3 шақырымдай жерде қыркүйектің 3-інде Тасарал ауылдық округінің «Ақтөбе-Қарағаш» елді мекенінің маңында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің денесін тапты. Онымен бірге балық аулауға шыққан 18 жастағы бауыры әлі іздестірілуде», деп хабарлады департаменттен.

Кеше бір топ балықшы «Ақ тас» демалыс аумағына жақын маңнан, Балқаш жағалауынан 8 шақырымдай жерден қыркүйектің 4-інде балық аулау кезінде суға кеткен 51 жастағы ер азаматтың денесін тапты.