«Кеше, 29 мамыр күні тұрғындардан судан баланың денесіне ұқсас әлденені байқағандары туралы хабар түсті. Бүгін сүңгуірлер баланың денесін алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Күні бойы құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп, су астына сүңгіген. Алайда іздеу жұмыстарына ағыстың қатты болуы кедергі жасаған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің өтінішінен соң Балқаш ЖЭО-дан су ағызу көлемі төмендетілді.
Нәтижесінде, 30 мамыр күні сүңгуірлер коллектордың түбіне сүңгіп, баланың мәйітін тапты. Дене Балқаш ЖЭО-ның су ағызу коллекторының аузындағы темір бетонды конструкциялардың астында пайда болған саңылауда қысылып, қиыршық тас пен бетонды сынықтармен көміліп қалған.