Балқашта 11 мыңға жуық зейнеткер тұрады.
Олар үшін арнайы орталықта мерекелерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп, байқаулар мен спорт жарыстары ұйымдастырылады.
Бірақ мұның бәрі карантин аяқталғаннан кейін болады.
Әзірге орталыққа дойбы, шахмат ойнауға, сондай-ақ сурет салу мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Олар сондай-ақ қолөнер, тігін және тоқу өнерін дамытуды ойластырған.
«Біздің есігіміз қаланың барлық ниет білдірген зейнеткерлері үшін ашық. Біз уақытты қызықты өткізіп, түрлі іс-шараларға белсенді қатысатын боламыз. Жобаны ардагерлер кеңесі дайындады. Бізге қаражат бөлінді, арманымыз жүзеге асты», – дейді Балқаш қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов.