Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде қала әкімі Ораз Тәуірбеков Балқаштағы туристік саланың дамуы туралы айтып берді.
Ораз Тәуірбековтың айтуынша, туризм саласы - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды салаларының бірі. Туристерге демалыс аймақтарына жайлы жету үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жолдардың орташа жөндеуден өтті. Тораңғылыққа дейінгі автомагистраль, Тораңғылық және Шұбартүбек кенттерінің ішінде, Бертіс шығанағының маңында жөнделді.
Балқаш курорттық аймағына Балқаш қаласы, Тораңғылық және Шұбартүбек кенттері кіреді. Мұнда демалуға арналған 47 орын бар.
Жерглікті билік туризмді одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.