«11 шілде күні 15:06-да Балқаштағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жанармай беретін екі колонка, оператор ғимаратының пластик терезесі және 80 шаршы метрге төгілген жанармай (АИ-92) өртенді. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген», - делінген хабарламада.
Жылдам шаралар нәтижесінде өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері 15:50-де өртті ауыздықтап, 16:04-те толықтай сөндірді.
Оған 20 өрт сөндіруші мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.